+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӘТТЕҢ-АЙ, ӘТТЕҢ.....


Күйші Аққыз Ахметқызының қазірде 9 күйі табылып, оның сегізі нотаға түсірілді. Негізі, музыка мамандары Ақ әженің 15 күйі бар деп байлам жасайды. Негізі, Аққыз әжеге сол Кеңестік кезеңде ерекше мән беріліп, музыкалық мұраларын ыждағаттап жинайтын іздеуші, сұраушысы болғанда жауһар күйлері маржандай әр жерге шашылып түспеген болар еді.Сенесіздер ме, барлық мұрағатты іздеп Мүгілсім Ахметқызының бірде-бір бейне көрінісін таппадық. Күйші әжей 1987 жылы күні кеше ғана өмірден өтті.«Қазақстан» телеарнасында 1977 жылы Ақселеу Сейдімбектің  «Үкілі домбыра» бағдарламасына қатысқан бейнекөрінісі табылмады. «Қазтелефильм» акционерлік қоғамы жабылғасын, бабиналары шашылып, көрінген жерде қалған. Ол компания 1982 жылы Аққыз әже туралы фильм түсірген еді. 1997 жылы Жезқазған облысы жабылғасын, облыстық телеарнаның мұрағаты да әр жерде шашылып, иесіз қалған. Ақтоғай ауданы ол кезде Жезқазғанға қарайтын. Өнерге самарқау қарап, қарашы енді сорлап жүргенімізді. Өзге ұлт болса ғой, түйір тастамай, ұрпаққа мұра етер еді. Әттең-ай, әттең!

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

156

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз