+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДАРИКО.......!!!


Сіздерді білмеймін, өз басым Ескендір Хасенғалиев ағамыздың концерті болып жатқанда, сахнадағы әнші ағамды емес, әдетте бірінші қатарда отыратын зайыбы Дарико жеңгейіміздің дидарын іздеймін.Үйдегілер «әне отыр, әне»,-деп шуласып кетеді, ал жеңешемнің жанары «бал-бұл жайнап, көңілі мен сезімі, әсіресе әннен алған әсері тостақандай көзіне байланып, отбасымның назары жеңгейді жымия бағуға кіріседі.) Сол Дарико жеңгеміздің арқасында «Әдемі-ау» , «Есіңе ал», «Елігім еркем», «Жанарым», «Жан жарым» секілді әндер дүниеге келді. Дарико жеңгей өзі Қарағандының қызы. Қарағандының медициналық институтын, Москваның ординатурасын бітірген. Алғаш рет екеуі Қарағандыда әнші Ескендір гастрольмен концерт қоюға келген кезінде танысады. Арада талай жыл өтіп, «Сағынсаң мені сәулем-ай, Жолдармен таныс жүргейсің...»-деген сағынышқа толы әндер дүниеге келгеннен кейін ғана, Москвадан Алматыға жолдамамен келген дәрігер қызды Ескендір ағай іздеп, тауыпты. Сөйтіп Дарико жеңгеміздің әсерімен көптеген тамаша-тамаша әндер дүниеге келген.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

194

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз