+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ӨР РУХТЫ АҚЫН МАХАМБЕТТІҢ ЖАЛЫНДЫ ЖЫРЛАРЫ

  • Бейсенбі, Мамыр 12 2016

Дауылпаз ақын, күйші-композитор, отаршылдыққа қарсы Исатай Тайманұлы бастаған көтерілісті ұйымдастырушылардың бірі, осы көтерілістің жалынды жыршысы әрі ел бастаған батыр Махамбет Өтемісұлы бар ғұмырын әділдікті іздеп, ерлік пен өжеттілікті насихаттап, халықтың азаттығын көксеумен өткізеді.

Махамбет шығармалары бұқара халықтың шынайы өмірі, шаруалар қозғалысының бейнесімен өрілген. Ал Исатай – Махамбеттің көп өлеңінен орын алған басты қаһарман. Махамбет жырлары дәуір шындығын бейнелеп, көтеріліс айнасы болып қана қойған жоқ, асқақ рух пен болашаққа деген сенімнің ерекше үлгісін көрсетті. Осылайша, ақын жыраулық поэзия дәстүрін шебер дамыта отырып, қазақ өлеңінің табиғатын жаңартты. Ақын жырларында орыс, араб, парсы сөздері көп кездесіп, шағатай тілінде жазылуымен ерекшеленеді. Арнау, ханға қасқая сын, мін айту, жауынгерлік рух арқылы батыр бейнесі жаңа үлгіде көрінді.

 

 

 

 

 

 

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
1104





Пікір қалдырыңыз