+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Күйші әже

  • 11.05.2016

 Бұл бағдарламада шертпе күйдің хас шебері Аққыз Ахметқызының қилы соқпаққа толы тағдыры, шығармашылықтағы шыңы, шығарған күйлері туралы рухани мәліметтен құлағдар бола аласыздар. Бағасы мен парқын, жақсысы мен кемшілігін таразы басына теңшеу Сіздің құзырыңыздағы шаруа, көрермен қауым. Барынша Аққыз әжейдің өмірін де, өнерін де ашуға тырыстық. Айтпақшы, Қарағанды қаласында 14-15 мамырда мамандандырылған музыка мектеп интернаты мен "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми-практикалық орталығы Аққыз Ахметқызы атындағы облыстық шертпе күйшілер байқауын өткізеді.Оған Қарағанды облысының өнер мектептерінің, музыка мектептерінің оқушылары мен өнер колледжінің студенттері қатысып, бағын сынайды.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз