+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КҮЙ МЕН КҮЙІК


«- Балжанжан, домбыраның қоңыр үнін жүрегіңмен сезіну бар. Ең бастысы сол. Қалғаны ерунда. Саусағыңа сырқат бермесін. Мықты күйші шығады сенен. Алайда, кәсіби, ерекше дарынды күйші  әрбір шертуден өзіне дерт жамап алады білесің бе? Қобыз бен домбыра ұстаған қыздардан қорқам. «Осылардың тағдыры не болады екен?!»,- деп алаңдаймын. Дина Нұрпейісова болсын, Аққыз Ахметқызы болсын, менің группаласым алдарыңызда жүрген Айгүл Үлкенбаева болсын,әрқайсының ішінде күйден тапқан шер, қилы тағдыр жатыр. Оны елдің бәрінің біле беруі шарт емес»,-деп Секен Тұрысбеков ағам салған жерден сыр шертті. Ақтоғай ауданынан келген күйші балдай Балжан кеше Қарағандыда өткен Аққыз Ахметқызы атындағы күйшілер байқауында гран-приін жеңіп алған еді. Шағын дастарханнан кейін Секен ағаның тілегі мен үрейі аралас ана сөзінен кейін Балжанжан «Аға, мен күйші болудан қорқамын. Секен ағаның сөзінен секем алып тұрмын»,-деп жұдырықтай жүрегіндегі ақиқатын жайып салды. Шынында солай, қобыздың сарыны мен күйдің күмбірі тек төрткүл әлемді шарлап қоймай, аруақтар елін де аралайтын қуатқа ие. Өнердің қасиетті қаншалықты құдіретті болғанымен, күймен күйшінің тағдырына күйік әкелетін де соқпағы бар. Шыны керек, Секең айтқан тілек пен үрей аралас сөзден өзім де түйіліп қалдым.    

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

204

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз