+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҰНАТАМЫН МЕН СЕНІ........


-Махаббат туралы әнді көп орындауыңызға қарағанда қыздарға көп ғашық болғансыз ғой деймін? Қыз атаулысының жүрегін жаулаған «Ұнатамын мен сені» әні кімге арналған?

-Өнердің ар жақ тірегі махаббаттан тұрады ғой, операң да, балетің де, поэзия да сезімнен туындайды. Ал, қызға ғашық болмаған жігітті мен дұрыс жігіт деп ойламаймын. Ал текті жігітті ғашық қылатын ару алдында тұрса неге ғашық болмасқа? Неге оған сезіміңді ән мен жырмен білдірмеске?! 22 жастағы жігіт кімге ғашық болмайды? Дегенмен, «Ұнатамын мен сені» әні нақты біреуге арналған деп айтуға болмас. Ортақ образға бағытталған.»

2005 жылы «Айқын»газетінің тілшісі Қаншайым Байдәулет пен атақты бард әнші Табылды Досымовтың арасындағы мөлтік әңгіме осылайша өрбіді.....

P.S  «Ұнатамын мен сені» әнінің сөзі де, әні де көп жерде Табылды Досымовтікі деп беріліп жүргенмен, бұл әсем әннің әрлі де нәрлі сөзі Мұқағали Мақатаевтың « Мен сені ұнатамын» өлеңінен алынған. «Ән ырғағы үшін сөзін өзгертіп, тақырыбын ауыстыруыма тура келді»,-деп Табылды аға тірісінде Мұқаңның аруағы алдында кешірім сұрап жүреді екен. «Мұқаң тіріліп келіп, мына әнде өзгертілген сөздерді естісе, дымымды қоймайтын шығар»,-деп жан жолдастарына да сыр етіп айтады екен. Білмеймін кімнің айтқаннын достарының бірі «Аруағы кешіреді ақын ағаның мынадай әсем ән үшін, Табылды айта бер, шырқа»,-деп тілектестігін білдірген.

 

Әнге қатысты мәлімет «Табылды Досымов атындағы республикалық қор» қоғамдық ұйым төрағасы Бижан Қалмағанбетовтің жеке мұрағатынан алынды.Осы ән Табылды ағаның орындауынан өзге әнші Асанәлі Көшеровтің орындауында ел жүрегіне орнығып, қыздардың қыз ғұмырын мәңгіге ұзартты.))))

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

574

2 comments

  • Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 21:55 Габит

    Басканын не ойлайтынын бiймеймiн, негiзi бiздер елiктегiшпiз, бiреудiн айтканына ергiшпiз. Цивилизацияга еремiз деп салт-дастур, адет-гурып, жон-жоралгы, уят-ибадан ада болуга айналган сияктымыз. Неге бiр-бiрiмiздi колдап, демемеймiз. "Осер елдiн жiгiтi-бiрiн бiрi батыр дер".

  • Сейсенбі, 17 Мамыр 2016 21:55 Габит

    Басканын не ойлайтынын бiймеймiн, негiзi бiздер елiктегiшпiз, бiреудiн айтканына ергiшпiз. Цивилизацияга еремiз деп салт-дастур, адет-гурып, жон-жоралгы, уят-ибадан ада болуга айналган сияктымыз. Неге бiр-бiрiмiздi колдап, демемеймiз. "Осер елдiн жiгiтi-бiрiн бiрi батыр дер".

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз