+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"Ән айттым арнап саған ұнай ма деп, Әдемі-ау!..."

  • 17.05.2016

Сонау Кеңес жылдары-ақ, лирикалық әуенге толы әндерімен танылған Ескендір Хасанғалиев  тек талантты әнші-сазгер ғана емес, шаттығы жарасқан өнегелі отбасының отағасы. Ол бүгінде 40 жылдан астам бір шаңырақтың астында ғұмыр кешіп келе жатқан жұбайы Дарико Сопыжанқызымен алғаш рет 1970 жылдары Қарағанды қаласына гастрольге барған сапарында танысқан. Көрермен залында оның өнеріне тәнті болған бойжеткен Дарико сазгердің сезімін селт еткізіп, жылдар өте келе хитке айналған «Әдемі-ау» әнінің тууына негіз болды. Осы кездесуден кейін араға 4 жыл салып барып, Алматыда табысқан жандар, махаббат айдынында қатар жүзіп, көп ұзамай отау құрды. Мамандығы дәрігер болса да, жаны өнерге құштар Дарико неше жылдар бойы жары Ескендірдің шығармашылық жолында қолдау танытып, оның көрермені ғана емес, тіпті басты музасына айналған. Ескендір Хасанғалиевтың бүгінгі эстрада жұлдыздары әуелете шырқайтын «Елігім – еркем», «Гүл сезім», «Жұбайлар жыры», «Асыл арман», «Аңсағаным» атты әндері өзінің ғашығы Дарикоға арналғаны еш күмән келтірмейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Егіз жүрек»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз