+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Құлагер - тағдыр

  • 18.05.2016

Батыраш, Қотыраштардың қолынан өлген Құлагердің тағдырынан Құрасбек Тыныбеков те қашып құтыла алмады. Қай-қайсысы да жүлде алса жарасатын кілең шашасына шаң жұқпаған жүйріктердің бәрінен оза шауып, енді-енді мәре сызығын кесуге жақындаған кезінде қайран Құлагерді көздері қиып өлтіруге тасада тығылып тұрған Батыраш, Қотыраштардың қолдары қалтырамаған еді. Ал қазақ гобеленінің негізін салған нар тұлға Құрасбек Мемлекеттік сыйлық аларынан аз ғана уақыт бұрын бақилыққа аттанып, күтпеген жерден мезгілсіз келген ажалға дәрігерлер “у беріп өлтірілген” деген диагноз қойғанын туған інісі Құттыбек құжатпен дәлелдеп айтты. 1980 жылы “Қазақстан шұғыласын” жасағаны үшін басқа авторлармен бірге пәни дүниемен қош айтысып үлгерген Құрасбек Тыныбеков те Мемлекеттік сыйлықты иеленді. Бақталастық пен күндестіктің құрбаны болған азамат небәрі 33 жыл ғұмыр кешті.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз