+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ БІР КҮНІ, ОЯНБАЙ ҚАЛАМ....


Шын талантты ақындардың, әншілердің  өзгерлерден сүрлеу-соқпағы, тағдыры да ерекше. Көбінің мына пәниден қамшы сабындай қысқа ғұмырда жарқ етіп, жоқ болуы да ұғымы анықталмаған тылсым. Көпшіліктен олардың  басты  айырмашылығы – екі көз, жүрек, санадан бөлек, адамзат ұғып болмайтын  көкірегінде ме, көңілінде ме көз болады.Сондықтан болар, біреулері аждаһадай алқынып келе жатқан ажалды сезеді де өлең жазып, соңына өз рухани «көктасын»өзіне қалдырып үлгерген жағдайы бар. Хош, өткенге салауат. ХХ-ғасырдан бастап тәпсірлесек, арғысы Алаштың аяулы ақыны Сұлтанмахмұт, сүйегінің қайда қалғаны беймәлім Мағжан, Иса ақын, бергісі Мұқағали, Шәмші, Төлеген  қазақ әдебиетінде, өнерінде шамшырақ болды да, құйрықты жұлдыздай көзден ғайып болды. Ешбіріне 70 деген жас бұйырмады. Осындайда «Жазмыш солай»,-деп көңіл жұбатар сөз айтылғанымен, қайғыға демеу, сағынышқа тірек бола алмайды. Жәй әшейін жұбаныш сөз. Қызылордалық талантты ақын Әділ Ботпанов, Әмірхан Балқыбек, Табылды Досымовтар «ана жаққа» асықты ма?! Жоқ. «Батырға да жан керек»,-дегендей оларға да «мың күнгі жұмағыңнан, бір күнгі тірлігі артық болды». Күллі қазақ таныған Табылдының:    

Ұйықтап кетсем бір күні, оянбай қалам...

Оянбай қалам, бұл - шындық, ұрыспа, қарғам,

Шөлмек-тірліктің белгілі құлай сынары.

Гитарамды алып елеусіз бұрышта қалған,

Бауырыңа басып, егіліп жылайсың әлі»,-деген өлеңі неге зарлы? Осы әнімен-ақ бард ақын өз тағдырын, «жазмышын» тіліне салып тұр ғой. Шүкір артында іздеушілері бар ғой, жора-жолдастары көп. Көзі тірісінде өнерін құрметтеген Иманғали Тасмағанбетов  жағдайын жасап, сүліктей гитараны сыйға тартты, Бақтығожа Ізмұхамедов Табылдыға келген қонақтарын Оралға алдырып ешбір жариясыз жайғарып, ақын үшін әрқайсын кәдесыйымен қайтарып, азаматтығын танытты. Бақтығожа Атырау облысы әкімі болып қызметке келіп, Табылдының кешін өткізгеннен кейін, шағын дастархан басында «Табылды мені неге күтпеді? Неге асықты?Құрметімді толық жасап үлгермедім ғой»,-деп балаша жылап жіберді дейді.    

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

548

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз