+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"АҚ ҮЙ..."


Осыдан бір ай бұрын өздеріңізден рұқсат сұрап, дем алуға әрі ем алуға ауруханаға бір апта жатып алуға тура келді.Енді қызық, палатаға ҚР Президент әкімшілігінің бір қызметкері мен мұнай саласында  істейтін Серік деген жігітпен үшеуміз бір палатаға жайғастық.Әлгі әкімшілік жүйенің жігіті ақжарқын, ашық, әзілді жаны қалайтын жігіт болғасын, бір-екі күннен кейін «палатный пахан» деген атаққа ие болды. Жасы айырмашылығы 5-6 жас болғасын, шәйін дайындап, ыдысын жуып, әскери тілмен айтқанда «дух» секілді зыр жүгіріп, айтқанын екі етпейміз. Серікте тымсырайып жүргенімен, әзілқой болып шықты. Ол «пахан» екеуміздің  ешбір әңгімемізге  араласпайды, кейлігіп сөзге де қосылмайды. Бар әңгімені бір тыңдап алады да соңында «тоқ етерін» айтып, байлам айтқанда, «пахан» екеуміз палатаны басымызға көтере күлеміз. Сол себепті, Серікке «приговоршик» деген есім енделді. Палатамызда түрменің жаргондары айтылғанымен, дәрігерлер мен медбикелер келгенде мен - журналист, пахан - заңгер, приговоршик- мұнайшы қалпына еніп, сыпайы сөйлесіп, олардың тілінен  ілетін жерді іздейміз. Бір ілік тапсақ болды, сөзді сөзге жалғап, әзілмен шырмаймыз. Бірде жоғары санатты невролог келіп, кеңес айтуға барынша  кіріскен алайда  палатадан шығарда «нервный» бола жаздап, бізден әзер құтылды. Заведущийді  білмеймін, журналист дегендердің «тілі ұзын» деп, заңгерді «даукес» деп ойлай ма таңертең бір, кешке бір сәлемдеседі.Коридорда  кездессе де амандаса береді. Қысқасы, «түрме» палатамыз, әжептәуір дәрігерлер үшін «Ақ Үйге» айнала бастады. Коридорда бір орыстың қисайған шалы палатаны шатысып бір-екі рет біздің «Ақ Үйге» кіріп келген. Бір жағына қисайып жүреді. Дағдысы ма, дерті ме білмедім. «Жарға басын соғып алмаса болар»,- жанашырлық танытсам, пахан:     «оның оң жақ шекісі онсыз да көгеріп болған»,-деп бір қойды. Аңдасам, шынында солай екен. Құдай-й-й, бір Атыраудан келген егде жастағы кісі менің журналист екенімді естіп, екі-үш сағат миымды су етіп, батыр бабаларының тарихын айтты. Жабылып аптығын басып, «Ақ Үйден» әзер шығарып салдық. Апта жатқасын дәрігерлер «пахан» да мен де бір күнде ауруханадан шығаратын болды. Біз кететін күні приговоршиктің екі иығы түсіп, көңіл күйі болмады. Кетерде ғана тіл қатты. Қоштасып тұрмыз. «Жақсы, жігіттер»,-деп бір анекдот орысша бастап кетті.

«Генерал Сидоров с двумя рядовыми  вышел на пикник. Присели они рыбку ловить и вдруг смотрят, рыбка золотая.  Как обычно, рыба обещает исполнить три желания. Сидоров спросил у рядового Иванова:

- Что ты желаешь?

- Хочу оказаться в теплых краях, среди пальм и красивых девушек. Иванов исчезает.

 Пришла очередь второго рядового .

- Петров, А  ты что желаешь?

 - Ну,  я хочу  крутую тачку, жить в Европе, хорому с бассейном, и гарем. Исчезает Петров.

Золотая рыбка остается с генералом наедине. Рыбка спрашивает третье желание.

  Атот ему:

- Давай три гранулированных стакана, два ящика водки и этих двух пид......ов сюда обратно,-деп қарап тұр.

 Пахан маған, мен оған қараймын. Ду күлдік. –Саке, жалғыз жатпайсың «Ақ Үйге» де біреулер келеді, қамықпа, олар мен де тіл табысасың»,-деп жұбатып, тарастық. Екі күннен кейін больничный листіні алуға барсам, әлгі приговорщик Секенің жанына бір жағына қисайып жүретін орыс шал мен егде жастағы мылжың ағай жайғасыпты. «-Саке анекдотта тілеген арманыңыз іске асқан екен, құтты болсын»,-деп екеуміз ду күлсек, «тағы не болып қалды»,- деп постыда отырған медбике жымия елең етті.       

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

236

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз