+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ағынтай батыр

  • 19.05.2016

Ағынтай батыр - Есім мен Жәңгір хандардың сенімді серіктерінің бірі. Ағынтай 1620 жылдан бастап жоңғарлармен болған ірі шайқастардың барлығына қатысқан. Қалмақ батырларымен әлденеше рет жекпе-жекке шығып, үнемі мерейі үстем болып отырған. Ағынтай Орбұлақ шайқасында (1643жылы) Батыр қонтайшының 50 мың жауынгеріне төтеп берген Салқам Жәңгірдің 600 сарбазының ішінде болды. Шапырашты Қарасай батыр мен бірге Жәңгірді қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан. Аңыздарда Ағынтай батырдың орасан зор қара күш иесі екендігі де айтылады. Жұдырығы тигенді сау қалдырмаған. Сондықтан да халық жұдырығы қатты адамды “Ағынтай жұдырық” атап кеткен.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз