+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



КЕШІККЕНІҢ ҚАЙТКЕНІҢ.....?!


Табылды аға ҚазГу-дің журналистика факультетінде оқып жүргенде  А.... есімді қызға өлердей ғашық болыпты. Ол кезде қазіргідей ұялы байланыс атымен жоқ, алыста әскерде борышын өтеп  жүргенде де А....деген арманынан  күдерін үзбей, сағынышын хатқа түсірген. 

Сенен бүгін, сенемін хат келеді,

Гүлдер сонда көңілдің көк терегі

Бір бет қағаз - жаныма от берері,

Маған басқа бақыттың жоқ керегі,-деп Табылды аға риясыз махаббатын, пәк сезімін 1985 жылы 30 мамырда ақ қағаз бетіне жазып жөнелткен.А....ны білетін группаластары «Алтайдың маралындай кербез, сөйте тұра бірбеткей, ер мінезді қыз еді»,- деп бағалайды. Жазушылықты ол қызда кейін біршама  жанына серік еткен. Араларындағы сенімге селкеу түскесін бір күні әлгі А.... есімді қыз «Мына хаттарды өртеп жіберуге қимаймын. Сенде болсын»,-деп Табылдының жазған хаттарын ортақ досы Асланбек Құбашевқа табыстаған. Арада сан жылдарды сағымға орап, жалын махаббат, албырт сезім басылып, Табылдының есімі танылып бір күні 1998 жылы  Оралға жолы түссе керек. Сонда бард ақынды үйіне шақырған Асекең баяғы сағынышқа толы сарғайған хаттарды Тәкеңе көрсетеді ғой. Сол жерде Табылды аға бұлан-талқан ашуланып, үй иесіне ренжіп, хатты өз қолымен жыртып тастауға әрекеттенеді. Асекең «Табылды бұл сенің хатың емес. Арада 15 жылдай уақыт өтті, бұл тек пәк сезімнің хаты, түсінесің бе?!»,-дегенде ғана ақын әрі әнші аға, сөзге тоқтап, ашуы  басылып қалған екен. Негізі, кейбір Табылды Досымовтың жақын достары «Кешіккенің қайткенің?!»,-деген ән де А...-ға арналған деген қисын айтады. Оны нақты білетін, байламын айтатын бір пәтерде тұрған  досы Арман Сқабылұлы  әзірге еңбек демалысында жүргендіктен телефонның арғы басындағы сыпайы апай «байланыс аясынан тыс жерде»,-деген жауаппен сөйлестіруге зарықтырып қойды.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

309

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз