+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТАЛАНТТАРДЫҢ ТАЛАНТЫ


Алматыдағы спорт және денешынықтыру Академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың жары Мәрзия өмірлік арбаға таңылса да, махаббатына, сезіміне соңғы күнге дейін адалдығын өткен бір жазбада жазған едім. Қайрекеңнің спорт саласына келуі де қызық болған. Ресейдің Новосібір қаласында физико-математика ғылымдарының кандидаты атағын қорғап, матиматика ғылымына «Закирьянов теоремасын» енгізіп, ресейліктерді мойындатып жіберген. 1998 жылы наурыз айының бір жексенбісінде ҚР білім, мәдениет  және денсаулық сақтау министрі Қырымбек Көшербаев үйге  хабарласып «Сіздің кандидатураңды денешынықтыру институтының ректоры етіп тағайындауға Президентке ұсынамын. Келісесің бе?»-деп айды аспаннан бірақ шығарды.       «-Қырымбек Елеуович, ұсынысыңызға рахмет. Мен математикпін ғой»,-деп айтып болғанымша болмады,- Сіздің жасөспірім күніңізде бокстан чемпион, спорт шеберіне кандидат екеніңізден хабардармын.Тартынба»,-деп айтып жатқанда, жанымда тұрған жарым Мәрзия «тек келіс» деп бар ынтасымен, эмоциясымен көрсетіп жатты. Жарайды, келіскеніме бір қуанып, бірінші күн тағайындауға барғанымда өкініп қайтқаным бар. Едендегі жыртық-жыртық ленолеум, көптен жөндеу көрмеген сұрғылт аудиториялар, жылусыз, алқам-салқам ғимарат. Нарықтың ең қиын кезеңіне тап келдім. Оқу процессі божырап кеткен. Мұғалімдердің көбі анда-мында екі-үш жерде жұмыс істеп жан бағып жүр. Спортшы болады деген жігіттердің  базар жағалап, біреулердің атқосшысы болып тұрған қым-қуыт уақыт. Балам шешесіне ренжіп келіп «Ана әкемнің отыратын ғимараты институт емес, атқора ғой»,-деп  ренжіп келген. –«Білдім қиын болатынын. Істі қай басынан бастаймын,- деп басым қатып отырғанда анам мен жарымның «Саған жарқыраған ғимаратты кім бере қояды? Спорты да ақсап жатқан шығар. Алқам-салқам болса жөндейсің. Спортшыларға барынша қамқорлық жасайсың. Сенім артты ма істе енді»,-деп жігерімді жанай түсті. Сөйтсем, кейін білдім ол қызметке сырттан адам салып талай адам таласып әлекке қалған екен. Қырекең сенім артты, сол сенімді әлі күнге арқалап жүрмін, өмірім жеткенше жүремін де.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

255

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз