+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖАН ЖАРАМ, ЖАН ЖАРЫМ ЕДІ ҚАЙТЕЙІН...


«-Басқа бағыңды ашар өзіңе жан жар тапсайшы! Басың жас. Мен болсам мүгедек болып сорлап қалдым. Өмірлік арбаға таңылдым.Жазмыш солай шығар,қайтемін?!

-Мәрзия, құдай үшін бұл сөзді енді айта көрме. Маған сенен асқан әйел, балаларымның асыл анасы болмақ емес»

Бұл отағасы Қайрат Закирьянов пен мәңгілік махаббаты Мәрзияның арасындағы бір-бірене айтқан мөлтік сыр еді.

Қайрекең де осал азамат емес.Ішкі стержені мықты, анау-мынауға қайраты мұқалып, меселі қайтып мыжырайып, қыңырайатын еркектердің санатынан оны таппайсың.Өскеменде университетке ассистент болып жұмысқа қабылданып, ректор деген лауазымға дейін көтерілді.Педогогика ғылымдарының докторы. ҚР Президенті әкімшілігінде де қызмет істеді. Одан кейін 11 жыл Алматыдағы спорт және туризм Академиясын басқарды. «Бөрі арықтығын байқатпас»,-дегендей іштегі шері шиырлап жүрегінің бір түкпірінде жүргенімен, тіршілікте төрт құбыласы түгел адам секілді күліп, сергек жүрді. Үміттенді.Мәрзия аяғына тұрып кетер деп 21 жыл тосты.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

402

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз