+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ДИМАШ-ДАУРЕН.....!!!


 

Жазушы-журналист Серік Әбдірайымұлының естелігінен. Серік аға Димаш ағаның баспасөз саласы бойынша қатар қызмет атқарғандықтан Димекең туралы әңгімені көп өрбітіп отырады екен. Сол естеліктердің бірінен үзінді:

-Оңтүстік облыстардың біріне жол түсті. Ұмытпасам Оңтүстік Қазақстан облысы болуы керек. Аудандар аралап жүріп, түс мезгілінде 12 қанат ағаш үйге түстенуге республиканың басшыларын кіргізді. Сөйтсек, ағаш үйге біз келгенше дейін уақытында облысты, ауданды басқарған,көшелі сөз айта алатын, елге сыйлы, орақ ауыз, от тілді ақсақал, қарасақалдарды жайғастырыпты. Димекең бастаған топ, қарияларға көрген жерде, қос қолдап сәлем беріп, қауқылдасып, амандық-саулық сұрасып дастархан басына жайғасты. Әдетте мені Димекеңнің осындай көпшілік жерде, иек қағып, дәл қасына отырғызып алатын әдеті бар.Сол дағдысына салып, мойынын созып, жан-жағына көз жүгіртіп:

-Серікжан, жаныма жайғас,-дегесін өзгелері сырылып, дәл жанынан бір орынды маған босатты.

Көп ұзамай Димекеңді шетінен мақтап, мадақтау жөнінен ақсақалдар арасында жарыссөз басталды да кетті. Бір қария:

- Осы Димаш болмаса, Қапшағайға ГРЭС салынар ма еді?! Қазір қандай қала болды,-деп бипаздай айтып, мақтай жөнелді.

Енді бірі:

-Түркімендердің еншісіне кетіп бара жатқан Маңғыстау облысын алып қалған Қонаев. Мұнай игеруге қазақтарды машықтандырған мына отырған Қонаев ,-деп жата келіп мақтады дейді.

Тағы бірі орнынан қалшылдай тұрып:

-Қажет десеңдер бұл Димаш, қазақтың тірі жүрген Мұхаммед пайғамбары ғой,- деп жұрттан асырып айтты дейді.

Осы сәтте Димекең, ақырын маған бұрылып, жәй ғана сыбырлай сөйлеп:

-Серікжан, бетімнің ұшы мен құлағымның ұшына қарашы, не өзгеріс байқадың?,-деген екен.

Бір сәт "осыны неге айтты екен?- деп бірінші хатшының беті мен құлағына бажайлап қарасам, қызарып кетіпті.

Шамалы уақыт өткесін Димекең:

-Не байқадың Серікжан?,-деп қайта сұрады.

-Бетіңіз де, құлағыңызда қызырып кетіпті, Дінмұхамед Ахметұлы-,деп айтып ауызымды жауып үлгермей, ақырын ғана қарсы жауап қатты дейді.

 

-Қызарса, онда әзірге менен ұят кетпеген екен ғой,-деп төмен қарады дейді.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

306

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз