+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАНДАЙ ҒАНА СЕЗІМДЕ БОЛДЫҢ ЕКЕН...»


«Қыз жат жұрттық» деген рас қой. Зайыбым Сабира маған тұрмысқа шығып, үйіміздің босағасын аттағанда, оның қысылғанын, қымсынғанын, жас келін ретінде енесінің тілін табуға, азаматын ардақтауға бар ниетімен жүгіргенін сезіндім. Ақын жүрегім сол екпінмен «Жас келін» өлеңінің (кейінгі кезде «Келінге өсиет» деп атауы өзгертіліп жүр)жазылуына себепші болды.

Ерке өскен еліңнің елігі едің

Келін бол деп жіберді-ау сені елің

Енең байғұс толқып жүр қайтсын енді,

Сен оның ең алғашқы келіні едің.

Осы өлең жинақтарыма әлдеқашан-ақ шығып кетті»,-деп бастады әңгімесін қызылордалық ақын Әскербек Рахымбекұлы. -1980-шы жылдардың ортасында Шиелі ауданына араб әдебиетінің  «Мың бір түн» классикалық шығармасын аударған Қалмахан Әбдіқадыровтің 80 жылдық мерейтойына түрколог Әуелбек Қоңыратбаев бастап бардық. Алдында ғана Қалекеңнің мерейтойы облыста өткізілген еді. Содан ауданда конференция өтіп, түс мезгілінде ауданның бірінші хатшысы түскі ас бергізді. Сөйтсем, сазгер Әлімхан Оспанов әлгі өлеңімді жыр жинағымнан алып, әдемі әнмен әрлеп, дастархан басында орындап берді. Осылайша өмірге «Жас келін» әні жарқ етті. Сол жылдардан бастап қыз ұзату, үйлену тойларында жаппай орындалатындай дәрежеге жетті. Кейінгі кезде Гаухар Әлімбекова қызымның клипін ара-тұра телеарнадан көзім шалып қалады.»

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

530

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз