+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖАН ЖАРАМ, ЖАН ЖАРЫМ ЕДІ ҚАЙТЕЙІН...- ІІ


« Зайыбы Мәрзияға деген Қайрат Закирьяновтың адалдығы, кіршіксіз махаббаты қазіргі жастарға шынында да үлгі боларлықтай.Ол өз алдына бөлек әңгіме. Енді міне қызық. Қайрекеңның мамандығы матиматик. Өзі спорт және денешынықтыру Академиясының президенті. Ал енді  тарихтың тереңіне бойлап, жер-жаһаннан ғылыми дерек жинап «Тюркская сага Чингисхана» атты кітабы шыққанда зиялы қауым  таң қалған.  Академияда жетекшілік жасап келе жатырған 20 жылға жуық уақыт ішінде Қайрат Қайруллаұлы көптеген спортшыға әкедей қамқорлығын, ағадай жақсылығын жасады.Олимпиада чемпиондары О.Шишигина, Е.Ибраимов, Ю. Мельниченко секілді спорт жұлдыздарын Академияға кездесуге қайта-қайта шақырып, жас спортшылардың рухын көтеріп, спорттық шыңның маңдай термен бағынатынын барынша сезінуіне атсалысты. Былтыр Кореяда өткен универсиадада Қазақстан құрамасын жинап алып: «Әрқайсыңның мойныңда елдің аманаты бар. Барым осы деп жеңіліп қалсаңдар көресіңдер.Елге жүлдесіз  құр сүлделеріңді сүйретіп барғанша өлгеніміз артық»,- деп үміт еткен әр спортшысының көзіне қадала қарап тапсырма беріп тұрғанына куә болдым»-дейді атақты спорт журналисі Несіп Жүнісбаев. –Танымал спортшылармен қосып мені де Академияға кездесуге көп шақырды. Себебі, жас спортшыларға рух беру, психолгиялық дайындықтан өткізу, шоң темір көтеріп шаршағаннан да ауыр.Қайрекең спортшыларға сөзімнің өтімді екенін біліп  мені  Академияға оқытушылыққа  шақырды. Атақты палуан Әбілсейіт Айхановтың жаттықтырушы  Пётр Матущак атындағы,Дәулет Тұрлыханов, Жансая Әбдімәлік атындағы Академияны ашуға да Қайрекең тікелей атсалысты.»

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

143

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз