+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«КЕДЕЙЛІК ТҰСАУ БОЛДЫ-АУ ӨМІРІМЕ...»


 Әр нәрсенің киесі бар. Шимайлаған ақ қағазыңыздың да, соны жазуға басы  мүжіген қара қаламыңыздың да! Киген киіміңіздің де, ішкен тағамыңыздың да сөйлеген сөзіңіздің де. Әрине, «сөз-ақылдың айнасы». Ниетіңіздің қисықтығынан тіліңізден қыңыр сөз шықса оның кесірі, ғайбатынан  басқа «пайдасы» жоқ. Киесіз, орынсыз айтылған сөз, желге ұшқан уақыт, ауқатты қазақты сыртынан ғана тілдейтін, бетпе-бет кезіксе мысы басылып, тілі байланатын талай рухани жұтаң, тісі кетік, әйел-бала шағасы алқам-салқам, балаларына беріп жатқан тәрбиесі төмен,  құлағалы тұрған  біреудің үйін (дача) жалдап  тұрып «шындықты» айттым деп соры қайнап жүрген кем ақылмен де кезігіп жүрміз ғой. Данышпансып отырғаным жоқ. Өмір үйреткен өз тәлімім еді көңіл - түйсігіме түйген. Ал, ақылды, парасатты адамнан  көшелі сөз, нұрлы ой сезінсеңіз, жаныңды шуаққа бөлейді. Кейде ойласың да осындайда аш құрсақ бола жүріп, қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Сұлтанмахмұт Торайғыров неге бір ғасыр кеш тумады екен деп?! Есін білмейтін 2 жасында  шешеден жетім қалған  Сұлтанмахмұтқа әкесі мүсәпір болғасын ел оған « Шоқпыт» деп ат беріп, айдар тағыпты (біреуді мұқатып, кекетуден алдымызға жан салмайтын елміз енді) Дұрыс ішім-жемі болмаған Сұлтанмахмұт өкпе дертіне шалдықпағанда қайтеді?! «Аптасына небары екі мәрте обед еттім. Жегінім қара нанмен, қара су. Айналдырғаным алдымдағы ала қағаздың беті. Ел қатарлы бір киноға да бара алмадым». Сұлтанмахмұт Торайғыровтың осы бір аянышты хәлі қазірде кекірік атып, тойда түйеше теңселіп билейтін, ас та төк тағамды жуындыға аудара салатын көп  қазаққа үлгі болса нетті!

P.S Ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай ойға түскен әрқилы көзқарас-пікірім ғой. Ауыр қабылдамаңыздар, алайда ойланатындай жағдай. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

182

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз