+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Жазушының құпиясы

  • 30.05.2016

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы 2  қарашада Ақмола облысы, Зеренді ауданына қарасты Қойсалған ауылында дүниеге келді. 14 жасынан бастап атақты жазушы Сәбит Мұқановтың тәрбиесін алады. 1924-1931 жылдар аралығында М.Ғабдуллин Көкшетау қаласындағы жетіжылдық қазақ мектебінде оқиды. 1931 жылдың қыркүйегінен 1935 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласындағы Абай атындағы Педагогикалық институттың «Қазақ тілі мен әдебиеті” бөлімінің студенті болды. 
1935 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын тәмамдайды. Институттан кейін 1935-1937 жылдар аралығында әскери борышын өтейді (1937 жылдың қарашасына дейін Өзбек ССР-і Ферғана қаласында Отан алдындағы борышын өтеді). Әскерден келген соң, 1937 жылы «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер болып еңбек етеді. 1938 жылы «Қазақстан пионері» газеті редакторының орынбасары қызметінде болады, КСРО Ғылым Академиясының қазақстандық Филиалындағы Тіл және Әдебиет Институтында ғылыми қызметкер болады.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Музей құпиялары»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз