+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«БАЛА КҮНІМДЕ ҰЛДАРДЫ ҰРАТЫНМЫН...»


Бокстан екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай:

«Әлем чемпионатына мен 100 пайыз тактикалық, физикалық дайындықпен келдім деп айта алмаймын. Себебі, биыл 23 наурызда Қытайда өткен лицензиялық турнирден елге ауырып келдім. Дұрыстап емделуге мұрша болған жоқ. Егер керек десеңіздер, соңғы өткен әлем чемпионатының алғашқы кездесуінде рингке ауырып шықтым. Құдай сәтін салып жеңдім.

-Қазақстан бокс тарихында Серік Қонақбаев, Бекзат Саттархановтардың рингте қаша жүріп, қарсыласын алыстан түрткілеп жүріп, ашылған сәтінде ұратын тактикасын пайдаланасыз ба?

-Әрине. Тіпті, кейбір әдістерім ұқсап кетеді. Күшті сақтап қалуға керек тәсіл. Қарсыластың потенциялы сонымен ашылып белгілі бола бастайды.

-Балалық шағыңызға шегініс жасалық. Бокске қатысуға кім ықпал етті?

-Жетіген ауылында мектепте Болат деген ағай болатын. Сенің жүріс-тұрысың (походкаң) жігіттерге ұқсайды. «Боксқа қатысып көресің бе?»,-деп сұрағанда келісе кеттім. Бала кезімде ұлдармен төбелесе кетіп, есемді алатынмын!)))

-Әлемдік бокстағы ең сүйікті боксшыңыз кім?

-Қыздар арасында алғашқы Олимпиада чемпионы 51 кг салмақтағы Никола Адамс, 75 келі салмақтағы Кларесса Шилдс.

-Қыз болып көйлек кигенді ұнатасың ба?

- Енді.........болады ғой.  Кейде бір қызығып кеткенімде, киіп көремін. Алайда, онша ұнатпаймын. Спорттық киім стиліме айналып кеткен.

-Жігітің бар ма деп сұрағыштайтын елдің сауалын қойсам қалай?

-Жоқ, аға. Басым бос. (күлді)

-Ақ фата киіп, тұрмысқа шығатындай жағдайыңды елестіп көріп па едің?

-(күлді) Соны шыны керек, елестетіп те көрмеппін. Уақыты келер әр нәрсенің....

- Тіл-көзден қорқасың ба?

-Қорыққанда қандай! Қанша жұрт құшақтап, бірі сүйіп, бірі маңдайымды иіскеп, ықыласын білдіріп жатқанда да қызығып қарағандардың өзінде де тіл-көз болуы мүмкін ғой.

-Олимпиада чемпионы болуыңызға тілектеспін. Қазақ деген елді, ұлтты төрткүл дүниеге  танытатын қыз бол.

-Рахмет аға. Айтқаныңыз келсін.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ   

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

230

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз