+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



МЫҢ ӨЛІП, МЫҢ ТІРІЛГЕН ҚАЗАҚТЫҢ БІР ҰРПАҒЫ....


ҚР Конституциясының іргетасын қалаған заңгер Салық Зимановтан сұхбат алып отырмын. 2010 жылдардың басы болса керек. "Балам, мен басымнан екі ашаршылық өткердім. Бірі бала кезімде 7 жастамын, әкеме ілби  еріп, Атыраудағы алыс ауылдан  кетіп бара жатқанмын. Жолда аштықтан бұратылып өліп жатқан адамдар....еті сылынып түскен сүйектер....допша әр жерде жатқан адам бастары...шошып келем. Ыңырсыған адамдардың бірі әкемді атымен айтып шақырғанда, жалт бұрылдым. Жақын ағайындарымыздың бірі. "О, Алла енді қайттім, берер жәрдемім де жоқ"-деген әкемнің жанарына қарасам жылап тұр екен..."Балам көрмесін"- деп дидарын бұрып әкетті. Әлі кетпейді, сол көрініс есімнен"-дей келе Салық аға әңгімесін әрі қарай сабақтай жөнелді.

Екінші рет соғыс даласында 1941 жылы командир болып жүргенде көрдім. Батыс Кавказдан шабылдағысы келген неміс әскері Кеңес әскерін тау ішінде қоршап алып, аттап бастырмады.Тамақ таусылған, апталап нәр тарпаған сарбаздар керзі етікті қажап жеп жүретін. Бір күні қарасам, құдай-ау өлген неміс сарбаздарын жіліктеп сойып жеп отыр. Ұшынатын көрініс! Жаным бұлайша түршікпеген. "О, құдай өлсем өлейін, тек адам етін жемей кетейін деп жүріп бір ажалдан аман қалдым»,- деп сыр шерткен Салық аға!

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

200

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз