+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЕЙ, ЖАЛҒЫЗ ҰЛЫМ МЕНІҢ....»


Күнім менің

Сенен жақын бар еді кімім менің

Сен от басып қалар деп ойда жоқта

Көрсең еді жүрегім тілінгенің

Тілінгенің, ей жалғыз, ұлым менің,- деп әнші Еркін Нұржановтың орындауындағы ақын Жүрсін Ерманның «Ұлыма» атты өлеңі ел арасында тез тарап кетті.- Иә, құдай берген Дархан деген жалғыз ұлым бар.Қазақта «жалғыз ұлы бардың шығар шықпас жаны бар» демей ме! Тумысынан жалғыз. Сондықтан  шетелге кетсе де, жол жүрсе де үйде іштей тілегін тілеп, бауыр етім езіліп отырамын.Бар ана мен әкенің тілегі сол емес пе?! Шүкір ғой. Дарханжан дипломат мамандығын игергенмен, қазірде елде басқа салада қызмет жасап жүр»,-деп әңгімесін бастаған ақын ағамның  қоңыр дауысынан әкелік жылу есті. «-  Тәңірдің сыйын қарашы, немерем де ер баладан  жалғыз. Жалғыз ұл менде ғана ма  десем, жоқ мыңдаған әке бар екен. Ел алдында жүрген Серік Үмбетов, Амангелді Ермекияев секілді  азаматтардың да бәйгеге тігер ұлдан  жалғыз тұяқтары бар. Өлең осыдан 25 жыл бұрын шығып, жыр жинағыма еніп кетті. Араға 10 жыл сала сазгер Жарылқасын Дәулетов домбырасын арқалай келіп әлгі өлеңге ән шығарған екен, орындап берді. Кейбір тармақтарын әнге бейімдеп күзедік, түзедік. Соңында әдемі, әсерлі ән барлығымызға ұнады. Алғаш үлкен сахнаға Тұңғышбай Жаманқұлов орындайтын болды. Концерт тақағанда Тұңғышбай ағаң келіп «әннің жақсысы жақсы –ау, алайда ырымға жаман екен»,-дегесін бұл ән әншісін ұзақ  тосып қалды. Бертін келе «Ұлыма» өлеңі Еркін Нұржановтың еншісіне бұйырып, ел жүрегін баурайтын әдемі ән болды»

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

535

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз