+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Өнермен өрілген өмір

  • 02.06.2016

Болат Хамзиннің  дирижерлік қабілетінің жоғары екенін қазақ өнерін әлемге танытқан дара тұлғалардың бірегейі Ахмет Жұбанов сынақ тапсырғанда жоғары бағалап, үлкен үміт күткен көрінеді. Ахметтің алдында абыржымаған студент Болат қара домбыраны бабына келтіріп Темірбек Ахметовтың «Жетім бала» күйін орындағанда: «Мен білсем, мына баланың бойында асқақ шабыт бар, болашақта нағыз сазгерлік қонады екен» депті. Ахмет Жұбанов берген бұл баға көрегендік, тарихи шындыққа айналды. Бір кездесуде Ғазиза Жұбанова апамыз: – Әкемнің әрбір жасты көрген бетте оның болашағын болжағыштығы бар еді және сол шәкіртінің өнер жолын қадағалауды есінен шығармайтын-ды, – дегені еске оралса, Болат ұстаздарының бойына дарытқан қасиетті біліміне, теңдесі жоқ шеберлігіне барынша адал болды. Жоғары білімді сазгер еңбек жолын өзі оқыған Ыбырай мектебінде ұстаздықтан бастады. Ақырын жүріп, анық басып аз уақыттың ішінде ауданда алпысқа тарта мүшесі бар оркестр құрып, оған дирижерлік ету бақытын Болатқа бұйыртты.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз