+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ЖАҚСЫДАН - ШАРАПАТ, ЖАМАННАН – КЕСЕПАТ...»


Негізі бұл повесть өмірден алынған. Нәубет жылдары миллиондаған қазақты аштан алып қалған Тұрардың  әкесі Рысқұл болыс Саймасай Үшкемпіровті тау басынан атып құлатқан. Содан болыстың ағайын-туысы Рысқұлды Сібірге айдатып, 11 жасар Тұрарды бауыздап өлтірмек болыпты. Сол кезде қаршадай баланы қанға бөктіргісі келген «қазағым» Тұрардай қазақтан қандай тұлғаның қалыптасарын білді ме екен?! Әй құдай-ай!

Бертін келе сол қаршадай бала азамат болып, аштықтан өліп жатқан қазақтардың мәселесін айтып Сталлинге хат жазды. Алаштың марғасқалары Мұхамеджан Тынышбаевқа, Санжар Асфендияровқа қызмет бергізіп, негізсіз жаламен оқудан шығып қалған Дінмұхамед Қонаевты үш сағат ішінде оқуына қайта орналастырды. Бауыржан Момышұлын оқуға түсіріп, Қаныш Сәтбаевты  Жезқазғанның кенін ашуға шақырды. Моңғолияда елшілікте жүріп, астанасының атын Ұлан-Батор деп қойғызып, Шыңғысханның «қазіргі» төте ұрпақтарына Конституция негіздерін жазып беріп кетті.

Сол.....сол.......сол кездері  Мұхтар Әуезовпен де жақын араласқан Тұрар әкесі Рысқұлдың басынан өткен азапты баяндаған ғой! Кейін қасіретті әңгіме повеске желі болып түсіп, «Қараш-қараш» жазылды!

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

194

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз