+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ОТ АУЫЗ, ОРАҚ ТІЛДІ ОРАЗАЛЫ....


Ораза айы десе білмеймін, есіме еріксіз айтыс ақыны Оразалы Досбосынов оралады. Ел таныған ақын болғанымен, қара домалақ ауылдың баласына Алматы деген ауыздығымен алысқан алып шахар бас бермей ұзақ жүрді. Сол себепті болар, тұрмыстың  ауыртпалығын  көрді. Әулеттен  бас көтерер жалғыз Ораз сөйте жүріп, туған бауырларына қамқорлық жасады. Біріне қала іргесінен жер алып берсе, енді біріне үй салысуға қол ұшын беріп, бастысы Досбосын әулетін бірлікке шақыра білді. Бала күніндегі естеліктері тіпті қызық.Туған жеңгесі Сәуле келін болып түсіп жатқанда бала Ораз сабаудың ағашын  домбыра етіп тартып, ән шырқаған болып, енді бірде сабауды ағаш атқа айналдырып, ауланы айнала әндетіп, жалаяқ шапқылап жүреді екен.  

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

202

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз