+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АЛАШ АҒАРТУШЫЛАРЫНЫҢ АПАЙЫ


Бет-аузы от шарпығандай қошқылданып, ажарынан әр, жанарынан от сөніп,  аштықтан ісіп-кеуіп 1934 жылы Нәзипа Құлжанова ажал құшқан еді. Қазаққа қанша еселі еңбек сіңіргенімен Нәзипа  жеке өмірінде бақытты ана, аяулы жар бола алмады. Күйеуі Нұрғали Құлжановты 1919 жылы билікке таласқан большевиктер «кулаксың» деп атып тастаған. Оған дейін де Нәзипа мен Нұрғали арасында бала тоқтамай, түсік тастап жүргенде, азаматынан айырылды. Сауатты, орысшаға жүйрік, алғаш абайтану ілімін қолға алған Нәзипа 1915 жылдан Семейдегі  оқытушылар семинариясында Мұхтар Әуезовке, Қаныш Сәтбаевқа, Әлкей Марғұланға ұстаздық еткен. Алаш арыстары Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов Нәзипаға сол кездерде көп қолдау жасапты.   Журналистика саласында да алғаш қолына  қалам алған әйелдердің бастауында Нәзипа тұр. Педогогика саласында алғаш екі әдістемелік оқулық жазған жаны бекзат әйел еді. 1923 жылы Орынборда «Мектептен бұрынғы тәрбие», 1927 жылы Қызылордада «Ана мен бала тәрбиесі» атты оқулығы жарыққа шықты. Тарихта сондай білімді, сауатты көзі ашық Нәзипадай Алаш ағартушыларының біріне қарындас, біріне апай болған тұлғаның аты-жөнін оқта-текте естіп қалғанымыз болмаса, қалың жұрт біле де бермейді. Енді, өмірінің соңғы сәттері неге аштыққа іліккені тіпті түсініксіз! «Тағдыр шығар бәлкім»- деп тұсынан өте шыққың келгенімен күйеуден жесір, баладан жетім қалған Нәзипаның өміріне кәдімгідей адамшылық аяу оянады екен.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

661

1 comment

  • Жексенбі, 25 Қыркүйек 2016 20:29 Айсұлу

    Нәзипа - қазақтың бір емес бірегей қызы... Талай іске ұйытқы болған, нағыз от жүректі, елжанды қыз...Кім біледі, тағдырдың әйелге түсетін ауыр салмағының құрбаны болған да... Өзім керемет идеал тұтып, құрметпен жүрегімде ұстаймын.

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз