+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚАЙРАН СОЛ, СЫР СҰЛУЫ, ҚАЙДАСЫҢ ?!...»


– Зейнолла Шүкіров осында ма? – деп композитор Шәмші Қызылордаға келген бір сапарында жан-жағында қаумалап тұрған жігіттерден. Сол кезде  «Сыр сұлуы» әнінің әуені дайын болғанымен, әуенмен астасатын өлең табылмай Шәкең Зекеңді есіне алғанда сұраған. Сол бетте өлеңдеріне қанық композитор ақынды үйіне іздеп барады ғой.   

Зейнолла аға дәл сол сәтте  «Алау» атты поэмасын  бітіріп үйінде балаша шаттанып отырған тұста меймандар сау еткен. Өзіне сырттай таныс үлкен дарын иесін құшақтап, Шәмші оған інілік ізгі жүрегінен үлкен алғысын айтты. Алматыдан мына отырған композитордың Сыр бойына келуінің себебін білгеннен кейін Зекең: «Мынау бір игілікті іс екен! Енді Шәкеңнің көңілінен шыға алсақ жарар еді» деп онан әрі баладай қуанып қалды.

Қос ішекті домбыраны қолына алған Шәмші кешелі-бері ұзын ырғасын өзі нобайлаған жаңа әнінің желісін екі-үш дүркін қайталап шертіп, онан әрі ақын ағасына өз ойын айтты. Ақын мен композитор әдеттегіше мәтіннің бунағы мен тармағын, сол сияқты шумағын өзара келісті.

– Сыр бойында күрішшілер гвардиясының көшін жас қыздар тобы бастап келеді екен. Бұл мені қатты қуантты. Күні кеше Жамбыл атындағы колхозда болғанымызда сондай Сыр сұлуларының бір тобымен кездестім. Мұның өзі маған үлкен әсер қалдырды, Зеке! – деді Шәмші ақынға қанатты ой салып, ұсыныс жасағандай.

– Шәке, мәтіннің тақырыбын да өзің тауып бердің-ау. Ендеше дүниеге келетін жаңа әннің аты «Сыр сұлуы» болсын,– деді ақын. Ақын ойын композитор да бірден құптады.

Ертесіне қонағымыз ақын ағасының қолынан кешегі айтқан өз бұйымтайын да алып үлгірді. Мәтін Шәмшіге де, бізге  басқа тыңдаушыларға да қатты ұнаған еді. 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

245

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз