+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ОБАЛ МА ӘЛДЕ САУАП ПА...?!!!


«1923 жылы Нәзипа  Құлжанованың «Мектептен бұрынғы тәрбие» атты кітабы жарық көреді. Бұл еңбек өз заманында жаңалық болғаны анық. Алғысөзін Ахмет Байтұрсынов жазған осынау кітап сәбидің өсіп-жетілуі, оны мектеп табалдырығына дайындау жөніндегі мәселелерді қамтыған еді. Теориялық тұрғыдан жазылған әдістемелік оқулық деуге де болатындай.

Ерлі-зайыпты Нұрғали мен Нәзипа  Құлжановтар Ресей императорлық География қоғамының Семей бөлімшесінің мүшелігіне сайланып, ғылыми-ағартушылық, мәдени-қоғамдық істерге араласқанын да айтпай кетуге болмас.»

.....Саясатта болсын, әдебиетте болсын қазірде сол кездегі  осы Императорлық географиялық қоғамға қатысты екі ұдай пікір қалыптасты. Иә, көбіне-көп «бұл қоғам қазақ ортасына жіберілген тыңшылар тобы, маңызды мәлімет, қажетті ақпараттарды Мәскеуге жөнелткен» деген сияқты пікір айтылады. Әрине, «императорлық» деген аты айтып тұрғандай бұл қоғамның мәдени-ағартушылық, рухани жаулап алуы  ниетінде болғанын жоққа шығара алмаймыз. Әлімхан Ермековке жан сырын ашқан Г.Н. Потанин «саяхатшылардың үш түрі болады. Біріншісі мемлекет аумағын кеңейтуге жанталасады, екіншісі табиғатты, өсімдікті зерттеуге кіріп кетеді, үшіншісі халықтың жанын түсінуге тырысады. Мен осы соңғы топтың санатынан табыламын деген».Осы сөздің өзі қоғамның үш тарапта әрекет жүргізгенін аңдатып тұр. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин ,Нәзипа Құлжанова секілді көзі ашық зиялылардың бұл қоғамға ерікті және еріксіз түрде кіріп кетуі заңдылық. Себебі, оларға  көзі ашық, білімді, сөзі өтімді адамдар керек болды. Әрине олардың көбі есеп-қортындыларын да Ресейге жөнелтіп отырды. Мәдениет, ағартушылықтан бөлек қазақ танымына жасалған  зерттеулері де қоғамның қоржынына маңызды мәлімет болып түсті.Алайда, осы зиялыларды  ешкімнің «сатқын» деп айтуға моральдік құқы жоқ.Оларды алдады, арбады. Күдіктенген тұстарында, императорлық қоғам  ниеттерін жасырып қалуға жанталасып бақты.    

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

165

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз