+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ОРАЗАЛЫ ТУРАЛЫ ОЙ-ТОЛҒАМ........!!!


От ауызды, орақ тілді Ораз тек қана ақын емес, ол ауыз әдебиетін жетік меңгерген фольклоршы әрі тарихты тереңнен қозғай білетін, бойына шешендікті, шеберлікті дарытқан аузы дуалы шайыр еді. Айтыс үстінде мақамды бірнеше түрге құбылтып, тыңдаушысын айрандай ұйытып, ұршықтай иіріп алатын қасиет Оразалыда ғана болатын. Жетісу айтыс ақындарының да мақам-саздарын жаңғыртып, жыр додасына алып келген әрі бірегей ақберен жүйрік осы азамат еді.

 

Айтақын Бұлғақов,

айтыс ақыны

 

Оразалының құлағына қай періште сыбырлайтынын кім білсін, адам естімеген қайдағы оқыс та тапқыр теңеулер оның төкпе шумақтарының жалын күдірейтті, жонын биіктетті.

 

Жүрсін Ерман,

ақын, айтыс ұйымдастырушысы, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

 

Оразалы ескілерден қалған із, солардан қалған жұрнақ еді. Ол айтысқа түскен сайын кешегі Сүйінбай, Жамбыл, Шөже, Кемпірбай, Кенендерді көз алдыма елестетуші едім. Оразалыда жасанды сөз болмайтын. Әуені де орнықты шығатын. Ол өзінің қысқа ғана ғұмырында тыңдармандарын алдаған жоқ. Және олардың көңілінен шыға білді. Біз Оразалыдан үлкен үміт күтетінбіз. Түбі алысқа шабатын ақын еді. Өмірден ерте өтті. Бірақ Оразалы қазақтың бүгінгі айтысында жарқын ізін қалдырып кетті. Оразалыға еліктейтін ақындар қазір де аз емес. Ол қай заманда да, қай кезде де қазақ барда сонау ертеден бастап бертінгі дәуірдегі жаңа замандағы тәуелсіздікті жарқырата жырлаған ақындардың санатында болады.

 

Мырзатай Жолдасбеков,

академик ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

1533

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз