+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖОЛ АПАТЫ АЖАРДЫ ДА ЖАЛМАДЫ, БАЛАПАНДАРЫНАН БАСҚА ҚАЛМАДЫ ЕШКІМ ҚАЛМАДЫ....!!!


Ажар менің балаларымның кішісі, бетіне жан қаратпай, алақаныма салып өсірген еркетайым еді. Алла тағала оның бойына өнерді туа бітті дарытты. Тілі шыққаннан ән салып, балабақшаға барған сәтінен ел алдында өнер көрсете бастады. Мектепте оқып жүріп, ауданда өтіп тұратын жарыстарға қатысып, мәдени шаралардың ортасында жүрді. Айтыстың аламанында да бақ сынады. Анасы маған қарағанда өнерге бір табан жақын адам еді, ол да қызымыздың бар айтқанын орындап, асты-үстіне түсетін. Сахналық киімдерін тіктіртіп, керегін түгендеп жүретін. Ажар кейде үйге заттай, ақшалай сыйлықтар әкелетін. Сондайда анасы екеуміз «Нарық заманында ақша тауып, әке-шешеңді қарқ қылдың ғой, қызым» деп күліп алатынбыз.

Мектеп бітіргеннен кейін Шымкент қаласына оқуға жіберсек, ол бізге айтпай Алматыға тартып отырыпты. Жолы болып қазіргі Т.Жүргенов атындағы өнер академиясына өз күшімен түсіп, бәрімізді таңғалдырған. Сол оқу ордасында білім алып жүріп, көп ұзамай Оразалымен танысты. Екеуі бірін-бірі ұнатып, шаңырақ көтерді. Нәресте сүйді. Ораздың біздің ауылға әр келгені той-мереке болатын. Баяғының сал-серілерін күткендей, ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып, күтіп алатынбыз. Екеуі таңға дейін кезек-кезек ән салып, көңілімізді бір көтеріп тастайтын. Сөйткен қос құлынымнан, қос жанарымнан тағдырдың ісімен ойламаған жерден айырылып қалдым!

Түзелбек Әбжанұлы, Ажардың әкесі

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

614

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз