+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САУ ҰРПАҚ КЕРЕК БОЛСА, САУМАЛ ІШСІН...!!!


«–Мен қымыз төңірегінде көптеген еңбектер жаздым. Тіпті докторлық диссертациям да қымыз бен шұбатқа арналған. Негізі, сүт екі топқа бөлінеді. Бірі – казеиндік сүт болса, екіншісі, альбуминді сүттер тобы. Мәселен, қойдың, ешкінің, сиырдың, түйенің сүттері казеиндік сүттер тобына кіретін болса, альбуминді топқа ананың сүті мен биенің сүті ғана кіреді. Демек, бие сүті – ананың сүтімен пара-пар деген сөз. Альбуминді сүттердің казеиндік сүттерге қарағанда, құрамы айрықша болады. Мұның асқазанға күш түсірмей, ас қорыту жүйесіне пайдасы өте зор. Құрт ауруына бірден-бір ем. Сонымен қатар өкпе ауруларын емдеуде, қан айналу жүйесіндегі қан тамырларының жұмсақтығы мен беріктігін қамтамасыз ететіні, қандағы қызыл қан түйіршіктерімен (эритроцит) гемоглобин синтезіне әсер ететіні, ағзада жүретін зат алмасу процестерін жақсартып, жалпы иммунитетті күшейтетіні анықталған. Бие сүтінде кездесетін ақуыздар, майлар, көмірсутегілері басқа сүттерге қарағанда ерекше болып келеді. Бұл бие сүтіндегі ғылыми дәлелденген қасиеттердің бір парасы ғана. Ал оның зерттелмеген, ашылмаған тұстары өте көп. Сондықтан қымызды зерттейтін арнайы ғылыми-зерттеу орталығын ашуымыз керек. Қазір Германия бұл төңіректе көптеген жұмыстар жасап жатыр»

 

 

Абай ЖАНҒАБЫЛОВ

Медицина ғылымының докторы, профессор

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

630

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз