+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Біржан сал

  • 08.06.2016

Қазақ әдебиетінде,  мәдениетінде аса ірі тұлғаның бірі XIX ғасырдағы қазақ ән өнерінің, сөз өнерінің ірі өкілі - Біржан сал Қожағұлұлы. Ол 1834 жылы қазіргі Ақмола (Көкшетау) маңайындағы Сексенкөлдің бірі Жекей көлінің   жағасында   дүниеге   келген.   Біржанның   ескі   ата қонысы - Обаған  болған.   Біржанның  арғы  атасы  Бертіс-тен Аңшолақ, Айшуақ, Жаншуақ,  Қожамқұл, Қожағұл, Қожағұлдан  Тұрлыбай,   Нұралы,   Ералы   туады.   Біржан- Тұрлыбайдың баласы. Атасы немересін бауырына басып, ежелден ерке өсіреді. Ата мен әже тәрбиесін көріп өскен ерке  Біржан   «Баласы   Қожағұлдың   Біржан   салмын» деп жар салатын содан.  Дәулетті атасының тәрбиесінде өскен Біржан тұрмыс таршылығын көрмей, еркін ер жетеді.  Бас еркіндігі өзіндегі талантты бала жас шағынан домбырамен  ән  салуға,  өлең сөз  қиыстыруға  бейімдігін байқатады.  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Ұлы дала елі»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз