+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



САҒЫНТҚАН ӘНІМ ....


«Тулайды жүрек

Толқындай шалқып

Аңсайды жүрек

Өзіңе тартып

Сағынтқан әнім

Әселім, жаным»,-деп әнші Мақсат Базарбаевтың орындауында ел жаздында қалған сазгер Ілия Жақановтың әні әлі күнге жастар арасындағы кеште, көпшілік отырыстарда айтылып қалады.Ән 1965 жылы Қырғызстанда жарық көрген. Бұл әннің қос елге тел танымал болуының да астарында  себеп бар. Бастысы әннің өн бойында мөп-мөлдір тазалық, қиялдағы аруға деген  саф сағыныш бар. «-Шал болған шағымда Ыстықкөлде Әсел деген қызға ғашық болыпты,-деген бекер әңгіме. Бұл Шыңғыс Айтматовтың « Шынарым менің Шырайлым менің» повестінің соңында «Қош бол, Ыстықкөл, Қош бол, Әсел, Айтылмаған әнім менің» деп аяқталатын шығармасын оқып болғаннан кейін туған ән. Шыңғыс Айтматов бірде «Ілия, ағаларың сені керемет музыка зерттеушісі деп бағалайды. Ошыл (қыр.) еңбегіңді жалғастыра бар, себебі қырғыз бен қазақтың тарыдай шашылған жыр-жауһарлары көп»,-деп батасын бергендей ризашылығын жеткізді.

-Аға, аты Әсел болмаса да заты Әселдей  ән шығарда кейіпкер қыз кезікпеді ме шыныменен?

-Жоқ, деймін.(күледі) Оның бәрі қиялдан құралған әңгіме. Сөзім тиянақты болсын «Даниярдың әні» әні де Шыңғыс Айтматов шығармашылығына құрылған. Солай бала......

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

205

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз