+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ЖАЯУ МҰСА НЕГЕ ЖАЯУ АТАНДЫ?


Баянауыл жерінде Ресей Патшалығы  1850 жылдардың ортасында  әскери бекініс салатын болып, сол өңірді жайлап отырған Шорман бидің жеріне кіреді. Содан  жайылымдық жері тарылған Шорманның қос  ұлы Мұса және Мұстафа  сол маңда отырған кедей-кепшіктердің жерін әлімжеттікпен тартып алады. Зар қақсап, соры қайнаған жүздеген  кедей мұңын  өз орталарынан шыққан әнші Мұсаға айтады. Кедей болса да Ресейдің бірнеше қаласында болып пікірін ашық айтатын әнші Мұсаның сол кезде  көзі ашық,  сауатты еді. Содан Жаяу Мұса Патша ағзамның атына тікелей арыз жазып, Шормановтар әулетінің әрекетіне шағымданады. Ол жақтан «кедей жері кейін қайтарылсын»,-деп аға сұлтанның атына пәрмен келгенде, қос ағайындының жыны Мұсаға түседі. Содан көпшіліктің арасында әпербақандау Шорманның Мұстафасы Мұсаға тиісіп «бұл өңірде бір ғана Мұса болады, ол менің ағам, ал сен сіңірі шыққан қу кедей Жаяу Мұса атанасың» деп айқайласа керек. Ел содан кейін ғана әншіні «Жаяу Мұса» деп атап кеткен.

Шорманның Мұстафасы атымды алып,

Атандым сол себепті «Жаяу Мұса»

,-деген өлеңдегі тармақты кейбіреулер Мұстафа Мұсаның астындағы атын тартып алғаннан болған деген дерексіз  әңгіме айтқан. Ол қате пікір өкінішке орай қазір де айтылып жүр. Мұстафа әнші есіміне  «кедей, сорлы, жаяу» деген атауды ғана ендеген. Ол есердің «жерге» деген ішінде қыжылдың да болғаны анық.

P.S Негізі Шорманның Мұсасы Баянауыл өңірінде өте зиялы, мешіт салдырып, бала оқытып көптеген танымал тұлғалардың түлеп ұшуына себеп болған. Аға сұлтан ретінде де жаңағы жерге талас мәселесінде болмаса абыройына дақ түспеген адам.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

207

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз