+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Бөлек батыр

  • 16.06.2016

Бөлек Қараұлы— батыр, қолбасы. Сатай батырдың немересі. Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте Шапырашты Наурызбай батырдың мыңбасы болған. 1729 жылы шайқаста жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген. 1734 жылы орыс бодандығын қабылдау жөнінде Ресей патшасы Анна Иоановна атына Қодар би, Төле би, Сатай батырмен бірге хат жолдауға қатысты. Бөлек батыр бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз