+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚЫЗЫЛ БҰРЫШ...»


Бала Мұстафаның әкесі Шоқайдың елде сөзін сыйлар беделі, шенін сыйлар сол кезге сай қызметі болған. Бәйбішесі мен тоқалынан онға жуық бала өрген екен дейді. Мұстафа әулеттің жетінші баласы. Бала күнінен бұзау бағып, күнұзаққа ауыл сыртында жүреді. Біреу кеңес берді ме, жоқ әлде өзі ойлап тапты  ма ол жағын білмедім,  кейде бұзаулар айдағанға көнбей,  шығынып далаға қашқанда ызаланып  Мұстафа қалтасынан қызыл бұрышты шығарады деді. Өзіне әбден азар берген бұзауды қуалап жетіп, құйрығына әлгі бұрышты жартылай сұғып үлгергенде, ана бұзау айналма ауруына шалдыққандай , орнында тоңқып-мөңкіп,  айналып әбігерге түседі. Содан жанын қоярға жер таппай, ауыл сыртындағы тайыз көлшікке барып қойып кетеді екен.Сол тұрғаннан «айыпты бұзау» су- абақтыдан кешке дейін бұрыштың күші қайтпай қуса да шықпайды. Солай арагідік бала Мұстафа бұзаулардың «тәртібін» қарайтын көрінеді. Бірде үйге барса ауылдың ақсақал-қарасақалдары жиылып Мұстафаның әкесіне тұрмыс ауыртпалығын айтып, ауылға электр бағаны тартылғанымен, жарық берілмей жатқанына шағымданып, патшаның атына хат жаз деп насихаттайды ғой баяғы. Бала Мұстафа бұл әңгімені түсініп, таңертең бұзау бағуға шыққанда ауыл сыртындағы үлкен баған астына барып тұрып айқайға басыпты. «Әй, патша ағзам! Бізге де қарас, жарық біздің де ауылға жеткен жоқ. Бәрі май шаммен отыр. Ақсақалдар жиылып кеше соны әкеме айтты, естің бе елдің зарын?»,-деп бала әрі дана Мұстафа сымдарға иегін көтеріп базынасын айтады екен. Бала болатыны сол сым мен электр бағанның бір басына Патша ағзам құлақ түріп тұр деп ойлайтын болса керек. Телеграф деген жабықтың байланыс құралы екенін көкейге түйді ме кім білсін?!

 

Мария Шоқай естеліктерінен әдеби өңделген үзік әңгіме...     

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

148

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз