+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ТАЛАНТТАРДЫ ҚАДІРЛЕ ТІРІСІНДЕ...»


«Ұмытып қалыппын қай жерден оқығанымды.... Негізгі мәтіні мынадай:«Егер дарынды біреу туса сол таланттың  талқаны таусылғанша қызғанатын, іші күйетін, өзгенің асқақ абыройын өз бетіне от тигендей қабылдайтын сорлы, сөйте тұра айласы мен  жағымпаздығы асқан бірнеше бақталас туады». Дәл айтылған. Сондай сорлының бірі Атырау облысында сүлдерін сүйретіп қазір де жер басып жүр. Анау-мынау емес аудан әкімі болған. Турасын айтатын Табылды Досымовтың сағын сындыруға, еңсесін езуге әлгі «сорлы» жарады. Қазақтың құшағына сыйған алып ағаға «әлгі қазақ» Индерде ине қадайтындай жер қалдырғысы келмеді. Тәкең болса жалтақтамайтын, тура айтатын биігінен түспеді. Шарасыздықтан «Маңғыстауға барып жұмыс істеймін» деп, сол жақтан жұмыс қарастыра бастады. Сондай бір жаны жабырқау күндері Бижан досы:  

О дүниеде даңғаза дүрмегің де,

Қажет емес жайлы өмір сүргенің де.

Ақын деген - жүрегі нәзік халық,

Бағалайық жер басып жүргенінде! – деп өз өлеңінің тегін ағыта бастағанда, «жетер» дегендей оң қолын көтеріп, Табылды «Би аға, осыны түсінетін біреу бар ма екен?» деп басын шайқап, терең күрсінген. Қамшы сабындай қысқа ғұмырында қаншама әнді жүрегінде әлдидеп, жөргегіне ораған Табылдыға елдің ықыласы ерекше болды. Өнерін құрметтеді.Ел ағалары қолдау жасады. Соның бәрі әлгі «сорлының» пейіліне сыймады. Табылды ешкімге шағынып, шарасыздығын айтқан емес.Талант пен тардың дүниесі сөйтіп аядай Индердің өз ішін шиырлап қана жүре берді де, ән әлдилеген жүрекке салмақ түсті. Дәл сол сәтте  Табылдымен кездесіп,  әндерін тыңдауға Қытайдағы қандастарымыз асық болып  жүрген. Ақжолтай жаңалықты айта келген Би ағаға аларған көзінен ұшқын атып «Міндетті түрде барамыз»,-деп балаша қуаныпты. Алайда....ақ пен қара, жақсы мен жаман, парасатты пен парықсыз қатар өмір сүрген мына өмірде жүрекке түскен салмақтың  салмағы басып кетті де алып әнші ұйықтап кетіп, бір күні оянбай қалды.

P.S Осыдан төрт жыл бұрын Бижан Қалмағанбетовтің «Осы жұрт біле ме екен Досымовты?!»деген өлеңінен композитор Қадірғали Көбентай 4 шумақты таңдап «Таланттарды бағалайық» әнін жазды. Қадекең ән мәтініне ішінара автормен келісе отырып өзгеріс енгізді.   

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

423

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз