+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТАБЫЛДЫ ОЙЛАП ТАПҚАН ҚУЛЫҚ


«КАЗГУ-дың журналистика факультетінде оқып жүргенде Табылды тарихи, диалектикалық материализм, ғылыми коммунизм, атеизм сияқты миды ашытатын сабақтарға қатыспай, бөлмесінде гитарасын сұңқылдатып, жаңа әуен іздеп, саз әлеміне шым батып отыратын. Емтиханды да уақытында тапсырмай, жолдамаға кештетіп қол жеткізіп, дүкеннен он шақты шикі жұмыртқа алып, соны пісіріп, факультеттің мөрін жолдамаға жұмыртқа арқылы түсіріп, өзі мұғалімнің қолын терезе әйнегінің сәулесімен айнытпай қойып, әнін айтып, курстан курсқа көшіп жүре беретін. Оның бұл «шеберлігін» 1985-90 жылдардағы филология, тарих, журналистика факультетінің студенттері кеңінен пайдаланды.

Бірақ, соңынан өзі де оңбай тұтылды. Диаматтан дәріс беретін Қанатбаев деген мұғалім Табылдыны қырына алып жүреді екен. Күзде келіп деканаттан тексерсе, өзінің қолы қойылған, мөрі басылған жолдама кітапшаға қатталып, Досымов келесі курсқа көшіп те үлгеріпті. Содан Қанатбаев: «Япырмай, мына шорту қолымды айнытпай қойыпты-ау, иә, сәт, қолға түсті деген осы болар Досым баласы, мен сені соттатып, көзіңді құртайын!», – деп бүкіл факультетті азан-қазан қылды. Оқудан 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісіне байланысты бір қуылып, зәрезап болып қалған Табылды енді Қанатбаевтың жолын аңдуға көшті, ақыры сол мұғалімнің саяжайын бір ай жөндеп, арам­шөбінен тазартып, әупіріммен оқуда қалды»

Жұмабай Құлиев ақын «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланған мақаладан үзінді

 

 

P.S.  «Мөр басқанда былай, зачеткада бұрын қойылған мөрдің астына жаңа бетті келтіреді де қайнап жатқан жұмыртқаны алып, ыстықтай аршып, құжаттың үстінен оқтаумен қамыр жайғандай әрі-бері жүгіретеді. Ыстық будың әсерінен бояу келесі жаңа бетке түседі. Алайда, оны тез іске асырмаса, ана жұмыртқа құрмағыр да тез суып, лезде «суалады». Бірнеше рет осындай  операция «сәтсіз» аяқталып Табылдының жұмыртқаны жұтына салғанын көзім көрді. Ал, енді оқытушының қолын терезе әйнегіне қойып, сыртынан басып қолын жаттықтырып алады да, сенімді болған кезде керек жерге сілтеп жіберетін»....

 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

358

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз