+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Ақ күріштің атасы

  • 22.06.2016

Иә, Кеңестік кезең қарапайым еңбек адамының қажырлы ісін ұлықтап, елді  еңбектенуге шақырды. Тәртіпке тәрбиеледі. Сыр өңірінде Шырынкүл Қазанбаева, Жадыра Таспамбетова секілді қыздарды трактор тізгініне отырғызды. Соны қазірде «Кеңестік дәуірдің насихатына, дүрмегіне «қуыршақ» болуға жараған құрбандар»,-деп өзінше құдайға қажетті жоқ таккарлықпен кейбір келте ақылдар айтып қалып жүр. Сол «айтқышбектердің»езуін тіліп, соқаның соңына не  сол кездегі  трактордың ауыр тізгіне отырғызар ма еді! Аптап ыстықта әлгі сала-құлаш тілі кәлимаға келмей, көлеңке іздеп кеткенін көрер ма еді! Қазақтың қара шалы, дала академигі атанған Ыбырай Жақаев күріш егудің қыр-сырын 1937 жылдары Сыр өңіріне көшіп келген кәрістерден үйренген. Күріш  тұқымын  суға жалаң аяқ батыра жүріп, құнарлы алқаптың тұздылығын тілімен байқап көреді екен. 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Өмір жолы»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз