+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«СІЗ БІЛЕСІЗ БЕ, БІЗ БІЛЕМІЗ БЕ...?!»


Маңғыстау мен Атырау облысы батыстағы бір-біріне бүйірі тиіп, осы өңір халқының  ағайын-туыстығы араласып жатқасын әрі-бері той-томалақ, өлім-жітімінен қалмай қатынап жатады. Сондай бір тойға  бард ақын Табылды Досымов барған екен. Той басталып ән шырқалып дегендей орта тұсына жеткенде жергілікті екі әнші қыз жұрт алдына шығып Тәкеңнің әнін шырқай жөнелген. Олар әннің  кейбір жеріне жанамалап өзгертіп, ырғағын бұзса керек. Сөйтіп той арасындағы қарбаласта Табылды аға мен ана қос әнші фойеде қарсы жолығады. Табылды: «Қыздар, әлгі әнді жақсы айттыңдар, алайда ана жерін бекер өзгерттіңіздер»,-деп автор ретінде де аға ретінде де өзінің ескертпесін айтқан. Әлгі қыздың бірі тосыннан келіп, ақыл айтқан «алып ағаны» жақтырмай қалып: «Ағай, осы әнді сахнада айтып жүрген біз білеміз бе, жоқ әлде қонаққа келіп тыңдап отырған Сіз  білесіз бе?»,-  шамданып, жұлқына жауап берген екен. Содан көп ұзамай дастарханда Табылды ағаға тілек тізгіні мен ән кезегі берілгенде әлгі екі қыз «алып ағаның» кім екенін бірақ білген. «Әлгі екі қарындасым қайта-қайта қасыма келіп той біткенше кешірім сұрап, сондай бір қызық болған»,-деп Тәкең  өзіне «Волга» сыйлаған досы Мұхтарға оңашада айтып, кеңкілдеп күліп алған екен дейді.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

258

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз