+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ТАНЫЛМАҒАН ТАБЫЛДЫ....»


Тәуелсіздігімізге тәу етіп, 1992 жылы арғы-бергі  ағайындармен араласу басталған алғашқы сәтте Қазақстаннан бір топ мәдениет қайраткерлері  Баян-Өлгейге  концерт қоюға барады. Сол сапарда Атырау облыстық филармониясы құрамынан Табылды аға да табылған екен. Қандастарымыз өнерпаздарды құшақ жая қарсы алып,қонақтарды  7-8 ден топтап, әр ауқатты отбасыға  бөліп жайлауға кіріскен екен деседі. Содан кең дастархан жайылып, қандастардың жәйі, атамекеннің әңгімесі тақырыпқа өзек болады. Арагідік әдемі әнге де кезек беріліп, үй иесі «Бізге ата-жұрттан жеткен «Қазақ едім дегенше...» деген әдемі әнді  айтып беретін Мұратбек деген жігіт бар. Соны шақырттым. Тыңдайсыздар керемет ән. Не нәубет көрмеген қазақ?! Ән ертеректе шыққан. Авторы Табылды Досым деген жігіт жас күнінде қайтыс болып кеткен»,-деп есіктен ентіге жеткен Мұратбекке домбыра ұстатыпты. Табылды да, қасындағы әріптестері де бір сәт үнсіз қалған. Олар да қайдан білсін?! Бір кезде әнді құйқылжыта орындайды деген Мұратбек те моңғол мен қытай әндерінің иіріміне салып өзгертіңкіреп айтқан екен. Соған күйініңкіреп кеткен Табылды аға «әнді өзгертіп не істеп жібергенсіздер? Бұл әннің де, сөзіңнің авторы мен десе»,- ана қандастарымыз сенбейді дейді. Әрі-беріден соң ызыланған Табылды аға, қасындағы біреуді жұмсап, сырт киімінен паспортын алдырып көрсеткен. Құжатқа қарай тұрып  ішінде күдігі қалғанын сезген сазгер «Домбыраны беріңіздер, алғаш «Қазақ едім дегенше...» домбырамен орындағаннан кейін, әлгі қандастарымыз Табылды екеніне көздерін жеткізіп қошемет көрсеткен екен деседі.

 

Әбдіхан Есенғалиев  ақын

 

P.S. Табылды аға көзі тірісінде ізіне ертіп, шәкірт әрі іні еткен Әбдіханның  айтар әңгімесі көп. Сазгермен жақын араласқан достары Әбекеңді «қара жәшік» деп атайды. Табылды алып ұшақ секілді ән әлемінен қалықтай келіп, қара жер қойнына сүңгігенде Табылдының оңашада айтқан сырын, көзқарасын, тарихи сәттерін Әбекеңнің жады жаттап қала берген.

 

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

196

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз