+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ӨМІРДЕ АҚЫНДАРДЫҢ БӘРІ ЖАЛҒЫЗ....»


«Адамның ажалының өзінен пайда іздеп тұратын қасиет өкінішке орай, қазақта бар қасиет»,- деп бастады әңгімесін атыраулық ақын Әлия Дәулетбаева. – Табылды дүниеден өтті дегенде жапа тармағай жұрттың барлығы өлең, бір-екі кездескен адамдары естелік, мақала  жазып, басылым беті  Табылды туралы ақпарға  қаптап кетті. Кейбір мүшайра, жыр додаларында сәтті шыққан өлеңдеріме көңілі толса, «Адайдың жиені ғой бұл қыз»,-деп қолпалақтап жүгіріп келіп маңдайымнан сүйетін. Осыншалық талантты адамның қарапайым болатына тәнті болдым.  Енді әрине, Табылдының рухани тынысы Индирге сыймады. Көпшілік жерде таудай болып отырған Табылдының әлем бөлек еді.  Күнделікті тіршіліктің өрмек торын тоқитындардың әңгімесіне арагідік араласып, салқындау,  аздап кей әңгімені кекесінмен қайырып отыратынын көретінмін. Кейде балабақшаның бүлдіршіні секілді бұртиып ренжіп қалған кездеріне де куә болдым.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ      

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

208

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз