+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АМАН ЖҮР, АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ....


Табылды ағамыздың кіндіктен жалғыз ер баласы Абылжан қазірде Алматыдағы Жүргенов атындағы өнер Академиясында оқиды. Жанарының жарқылы, қасы, маңдайы аумаған Табылды ағам, құтты бір құйып қойған секілді. Дауысы да ұқсап тұр. Кең тыныспен, қоңыр дауыспен Табылды ағаның  көкейден көмейге  алып келетін әуезді әніндей дәлме-дәл орындайды екен. Әрине, қай жағынан қарасаңызда баласының  әке алдындағы ізбасары әрі шығармашылығының  рухани шырақшысы болуы заңдылық. Мамандығы кәсіби музыкант болғандықтан, әйгілі сазгердің әрбір өлеңіне талдау жасайтын, сараптайтын, саралайтын даңғыл жолы әлі алда. Қырат белдерден, асқақ асулардан аспай Табылдының тасада қалдырған жақұт жырлары мен сөздері күнге шағылса қалып көзге ілікпейді. Балаң болса да Абылжан апалақтап әкесінің шығармашылығына талдау жасауға кірісіпті. «Мәселен, әкемнің  «Замани зары» мен «Асан қайғыны аңсау» әні одан өзге  «Сәйгүлік» пен «Табылдының әні» және «Наурыз» бен «Солдат сағынышы» өте ән тұрғысынан буын ырғақ жағынан ұқсайды»,-дейді Абылжан.   

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

161

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз