+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ҰЙЫҚТАП КЕТСЕМ ТҮСІМДЕ СӘЙГҮЛІК КӨРЕМ..."


 «Бард ақын Табылды Досымов әуенін жазған  әйгілі «Сәйгүлік» әнінің о бастағы атауы «Элегия» болатын. Өлең 1981 жылы студент кезімде екі кештің ортасында жазылды. Жатахананың бөлмесінде  жалғыз отырғанда қағазға түсті»,-деп бастады әңгімесін ақын Светқали Нұржанов. -Өзім студент, Табыл да студент. Топырағымыз бір Маңғыстаудың өрендері болғасын бір-бірімізді жақын тартамыз. Келіп тұрады, өлеңдерімді оқиды. Осы «Элегияны» көп айналдырды. Ыңылатып, сөздің нәрі талантына шабыт берді ма, кейін «Сәйгүлік»атты әдемі ән шығарды да санаулы күндер ішінде студенттердің арасында танымал әнге айналды. «Сәйгүлік» кейін күллі қазаққа танымал болды. Бала болып, ес жиғалы Алматыға оқуға кеткенше ат үстінен түспедім. Шіркін-ай, тұлпардың жалын сипап, бір иіскесең, қазақтың болмысы пырақта тұрғандай өзім өзгеше әсерге еніп кететінмін. Каникулда  бәйгеге ат қосып,  түбекті өлкенің ақ шаңдақ шаңын шығарып, арқа-басымның құрысқаны жазылып Алматыға аттанушы едім.Оның да өлеңге әсері болды. Алайда, осы құдай біледі, сол өлеңге тізілген сөздер, бабалардың рухы ма мені жаздырып отырған деп әлі күнге ойға қаламын. Жарықтың жылдамдығын да жолда қалдырам, Мен болсам — арман, тұлпарым — арманнан да әппақ!,-деп жазған тармақта Кеңестік саясаттың бұғауына түскен қазақтың кеңістікті аңсаған арманы жатыр. Мектепте оқыған физика пәніндегі «жарықтың жылдамдығынан озар ештеңе жоқ» деген қисыннан әрі бабалардың рухы жатты. Осы өлеңде 1980 жылдары жаншылған қазақтың тәуелсіздікті сезінуге деген тілегі жатты. Тар-қапас тірліктен ұшы қиыры жоқ, кеңістікке шығу менің де ақындық қиялыммен астасқан шығар, нәтижесінде әдемі әнді Табылды әлдидеді. Сол «Элегиядан» бір шумақ өлең түсіп қалды. Жосылтам шіркін! Борайды жаңа өлең қардай Тұлпарым қандай сол шақта және мен қандай?! Аңсары бар жанда ес-түссіз! Тым-тым алыста Тек мені күтіп жатқан бір әлем бардай. Композитор інімнің талғамына таласып қайтейін, еркіне жібердім.1981 жылы жазылған өлеңге Табылды 1985 жылы ән жазып, қазақ көгінде әрдайым қалықтап тұратын әуен қалдырды.» 

 

 

 НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

180

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз