+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"АЛАШТЫҢ ҰЛЫ, АЯШТЫҢ ҰЛЫ - ТАБЫЛДЫ..."


Бард әнші Табылды Досымовтың артында  қалған үш қызы, алтын асықтай ұлы Абыл бар. Тұңғыш қызының есімін сазгер ел зердесіне ерекше тоқылған әнімен сабақтады.

Атыңды сенің айтамын ән қылып неге,

 

"Қозым-ау" деші күлімдеп Баяндай маған,-деп айтылатын әніндегі Баянның алдына ақ түс ілініп, Ақбаян есімі қойылған еді. Әнші Мұхит Айнамкөздей аруға ғашық болып «Айнамкөз» әнін әуелетті. Сол әдемі есім Табылды ағаның екінші қызына енделді. Ал кіндіктен жалғыз  ер баласына қойылған есім  Абыл жыраудың, Абыл әншінің құрметіне қойылды. Кенже қызы Әйгерімнің есімін қою зайыбы Қарлығаштың мәртебесіне берілген еді. Негізі елде жүргенде Табылды аға атақты Баламайсаң деген күйшінің, Мұрат Мөңкеұлының  жатқанын жерлерін іздеп жүріп тауып, қолымен белгі қойды. Тағдыры ауыр Сағат Әбдіғалиев, Марат Отаралиев секілді есімі көместенген  ақындардың атын қайта жаңғыртты. Аманғалидей ердің есімін еселеп еліне танытты.        

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

159

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз