+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



«ҚҰЗҒЫНДАР ҒАНА ЖҮЗ ЖАСАЙДЫ....»


Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығына орай, 1990 жылдардың ортасында Атырау облысында мүшайра өткізіліп, қаумалаған әріптестері қоймағасын  бард ақын Табылды Досымов та қатысқан екен. «Ол кездегі жағдай белгілі, қаржылық қыспақ алқымнан алған тұс. Сол себепті кім мүшайраға демеуші болатын болса соның сөзі жүреді. Облыстық салық басқармасының бастығы дәл сол мүшайраға бәйге тігіп, әділқазылықтың билігін қолына алған деседі»,- Табылдының ақын досы Сағынтай Бейсенғалиев.- Содан жұрттың бәрі әдеттегідей мадақ жыр айтып, бағын сынап жатса, Табылды «жыр алыбын» мақтамен бауыздаған екен. Сол шумақтардан:

....Құзғындар ғана жүз жасайды деп 99-да аттандың,

Үш Айбергеновтің жасында....-деп төгілткен жері  және:

....Дана шалымның дала кеудесін

Темір-терсекке толтырған,

Сол заман, саған не дермін?!....- деген сөздері есімде қалды.

Сөйтсе әділқазылар құрамында болған ақын-жазушылар әлгі «налогтің бастығын» ортаға алып, бас бәйгені Табылдыға беруге жан-жақтан насихаттаған. – Ну реально оның әндері маған ұнайды. Тыңдап тұрамын»,-деп өнерден алыс, орысқолдылау, ақкөкірек әлгі  бастық бас жүлдені Табылдаға қолдап табыстаған. –Саке, сондай қызық болған мүшайраның билігі «налогтің» бастығына тимегенде, мен жүлдесіз қалуым да ғажап емес екен»,- деп Табылды аға кеңкілдеп оңашада досына айтып, күліп алыпты.  

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

157

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз