+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



АРМАН БОЛҒАН "АРАЛ ҚЫЗЫ...."


Дүниеде балдыз болғаннан артығы жоқ. Ра-х-ааааааат. Ойын көтерсе жезделермен қалжыңдасқанды жаным сүйеді.Әзілмен әрлеп, тұрмысқа 40 жыл бұрын берген апамды «он екіде бір гүлі ашылмағандай» етіп әсерлеп,бипаздап  барынша пұлдап боламын. Сондай жездемнің бірі, атағы қазаққа танымал ақын  - Светқали Нұржан.Осал «жау» емес. Абайламасаң  қалжыңмен тобығыңнан қағып, аяғыңды аспаннан келтіреді. Сөзің мірдің оғындай болмаса құрдымға кеттім дей бер. Бибайша апам Аралдың қызы. «- Жезде, өзім Астанадамын, Ақтаудағы үйіңіздің мекен-жайын айтыңыз? Журналистер жіберейін өзіңізден Табылды туралы естелік айтуға  десем»,- «Балдызжан, ақұдай апаңды Алматыда тез тапқаныммен, Ақтаудағы үйімді журналистерің тез таба ала қоймас»,-дей келе үйінің «бір жердің бір жерінде екенін» ыммен түсіндірді.Не керек,  Сәкеңнің қызы (менің жиенім) Айсара телеарнада істейді. Телефонмен өтініш жасап едім, жездемнен сұхбат алуға Айсара жиен өз үйіне өзі  барды сөйтіп. -Жезде, Табылдының ұнатып орындайтын сөзін өзіңіз жазған «Арал қызы» туралы мәлімет берсеңіз?- Ән кімге арналған дегендей?»

-Өлеңнің тақырыбы айтып тұр ғой. «Арал қызы» 1982 жылы 13 қаңтарда жазылды.

-Жезде менікі, қос адайдың жігіті үзігіп, үзіліп бірі ән, бірі өлең жазып жүрген «Арал қызы» арқылы Аралдың аруларын жарнамалап қалу ғой өз дәрежесінде.

- О, ақұдай, бәсе «Арал қызын» неменеге сұрағыштап кетті десем, сол екен ғой.))))    

 

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ 

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

144

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз