+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



Арман қала - Астана

  • 04.07.2016

Еркеғали Бекназаров. Тіс дәрігері. Тіс емдеумен айналысып келе жатқанына 7 жылға жуық уақыт болды. Тараз қаласынан Астанаға арман қуып, кәсіби біліктілігін шыңдауға келген азамат. Бүгінгі таңда қаладағы тіс емдеу орталықтарының бірінде жұмыс істейді.

Эльвира Ергалина. Негізгі мамандығы журналист. Біраз уақыт сырқаттанып қалған соң Эльвира өмірін өзгертпекке бел буып, Елордаға келеді. Бүгінде журналистикамен қатар ол қолөнерді де қатар алып жүр. Түрлі тастардан әшекей бұйымдар жасап, өз еңбегін жеке брэндке айналдырсам деген арманы бар. Астанаға алғаш келген кез оңайға соқпағанымен, қазір бұл қаладан асқан жер жоқ дейді Эльвира.  

Мейірбек Сұлтанхан. Айтыскер ақын. Бесінші сыныптан бастап айтыс өнеріне ат салысқан ол бүгінде бірнеше республикалық айтыстардың жеңімпазы. Қолынан домбырасын тастамай киелі өнерде жүргеніне он жылдан асқан. Мейірбек Болашағынан үміт күттіретін талантты да шебер айтыскерлердің бірегейі.

Жәнібек Боранбаев. Әнші, сазгер, ән әрлеуші.  Әншілік жолды бастағанда топ болып, Арман, Аршат деген есімдермен белгілі болды. Жәнібектің Астана туралы жазған 5-6 әні бар. Олардың кейбіреуін елімізге белгілі әншілер орындайды. Әннің шығуына өз студиясында барын салатын ол бүгінде екі адамнан тұратын Терция тобын құрған.

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

АҚПАРАТ ҚЫЗЫҚТЫ МА? ДОСЫңМЕН БӨЛІС:

Талқылау
Жарияланды: «Біздің Қазақстан»

Loading...

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз