+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



ТІЛІ БӨЛЕК, ТҮРІ БІР ҚАРЫНДАС-ҚАРЫЛҒАШЫМ.....!


Ағылшын тілі кейде құлаққа темірге темірді ұрғандай ашщы естіледі. Жалт бұрылып қарасам шетелдікерлі-зайыпты қазақтың қос жеткіншек қызын  Астанадағы қала күніне орай  өтіп жатқан «Хан шатыры» жанындағы мерекеге барады. Қызметтес әріптестері шығар дейін десем, әлгі жеткіншектердің жасы 13-14 шамасында. Содан кейін тағы бір ой «Осы екі қара көз шетелдіктердің асырап алған балалары шығар» деген ой санамды шарпып өтті. Содан «беттің арын белге байлап», сыпайы танысып, журналистикада «нан табар» кәсіби дәрежедегі ағылшыншамен шүйіркелесе кеттік. Айтқанша болмады АҚШ-та оқып жүрген екі қазақ қызын отағасы Кей бірін Кәмила,екіншісін Тараз деп таныстырды. Америкалықтар табиғатында ашық, адамдарды тосырқау дегенді білмейді, бәрін жайып салды. Ана ән-күй айтылып, ұлттық дәстүрден хабар беретін киіз үйлердің қатарда салт-дәстүрдің мән-мағынасы жөнінде шетелдіктің отбасына  біршама түсіндіріп, ортақ тақырыпта әңгімелесіп қалдық. Кей «Назарбаев университетінде» дәріс береді, зайыбы (есімі жадымда қалмапты) «7 бала бағып, «үй шаруасындағы» әйелмін»,- деп күледі.Кәмила мен Тараз жазғы демалысқа шығып, атамекенге келген беттері екен. Екі ай Астанада боламыз дейді. Тараз қарындасымның есімі Жамбыл облысының тумасы болғаннан қойылған. Ал, Кәмиланың табиғи ата-анасы осы Астанадан екен. Қаралай бір ысып, бір суып бүртүрлі болдым. Қазағы қамқор болмаған әлгі екі жеткіншектен «қазақ тілінде білесіңдер ме?»-деп сұрауға қысылдым. Есесіне олар ағылшын, қытай, корей тілдерінде еркін сөйлейді.Сол жердегі аз-кем серуеннен кейін: «телеарнаға түсірсем келісесіздер ме?» деген сауалымды «әрине» деп қуана қабыл алды. Қоштасарда ағылшынша «мына екі қызға әке де шеше де болған Сіздерге рахмет деп едім», Кей бір сәт: «Құдайға рахмет, қос қызды біздің несібемізге бергеніне»-деп туған ағамдай бауырына қысты. Бүртүрлі шілде айында денем түршігіп үйге қайттым.

 

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ                  

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

149

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз