+7(7172)701 011
bm@khabar.kz



"ТӨБЕЛЕРДІ ТАУ ДЕСЕДІ БІЗДІҢ ЕЛ...."


Тартыспай ақ Ғамзатовтай көкеммен,

Тау ұлы емес, қыр ұлы боп өтем мен.

Осы қырда төбешіктей аналар,

Дүниеге таудай ұлдар әкелген,-деп «Биіктік» әнімен көкке шарықтаған Табылды ауыл сыртындағы төбе басына шығып, Алатау бөктеріндегі Алматыны жиі аңсайды екен. Табылды тұратын Индерге қай өнер иесі ат ізін салмады десеңізші?! Жазушы Есенжол Домбаев, суретші- сазгер Ерсайын Жапақ, атақты күйші Айгүл Үлкенбаева, ақын-әнші Елена Әбдіхалықова бард ақынның ауылында болған. Әр қайсысының  ыңғайына қарай сөйлесіп, Табылды ағамыз патша көңіл пейілмен қайтарады екен. Толағайдай ағамыз кең пейілімен әр қайсына ауыл сыртындағы төбені «тау» етіп сыйға тартқан. Әрине Индерге барлық досының аяғы жете бермейді. Сондайда сағынып жүрген адамын досы Бижанға «Би аға, пәленшенің не жағдайы бар дейсіз, мына менің ауылыма келіп кетуге ол лайық қой.Тау бар ғой, сыйға тартылмай жатқан. Ауылға келіп аунап-қунап жатса ғой, шіркін»,-деп өтінішін жеткізеді.

 

НҰРЛАН ҚАЗИҰЛЫ               

Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз

199

Пікір қалдырыңыз

Ұсынамыз